Жарияланған күні: 27.12.2021 14:02
Өзгертілген күні: 27.12.2021 14:03

Электронды шот-фактура (ЭШФ) жазып беру бойынша міндеттемелерді орындауды жеңілдету мақсатында Пилоттық жоба іске қосылды. Оған сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін ЭШФ жазып беруден босату қарастырылған, сондай-ақ, жеке тұлғаларға жеке пайдалануы үшін тауарларын сатқан сатушыларға да қатысты.

Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы №588 бұйрығымен белгіленген.

Пилоттық жоба қағидаларына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін  алып қою тізбесіндегі тауарларды, импортталған тауарларды, "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен тауарларды: 

1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметке байланысты емес өзге де пайдалану (түпкілікті тұтыну) мақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде;

2) ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микро кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын салық төлеушілермен жеке және заңды тұлғаларға өткізу кезінде электронды шот-фактура жазып беру, талап етілмейді.

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2022 жылдан бастап аталған салық төлеушілер тауарларды: 

1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметке байланысты емес өзге де пайдалану (түпкілікті тұтыну) мақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде;

2) жеке тұлғаларға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микро кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға өткізу кезінде электронды шот-фактура жазып беру талап етілмейді.

Осылай, 2022 жылдан бастап сатып алушыға БКМ онлайн чегін ұсынған жағдайда алып қою тізбесіндегі тауарларды, импортталған тауарларды салық төлеушілерімен және ҚҚС төлемеушілермен "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен тауарларды бөлшек саудада соңғы тұтынушыға (бөлшек саудада өткізушілер), сонымен бірге  жеке тұлғаларға және микро кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға өткізу кезінде ЭШФ жазып беру бойынша талаптар алынып тасталды.

2021 жылға пилоттық жоба шеңберінде ЭШФ шығару бойынша талаптарды алып тастау бойынша ұқсас нормалар көзделген.

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы