
Құрметті есеп жүйесін жасаушылар және салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздердің назарларыңызға 06.07.2024 жылы Астана қ.уақыты бойынша 00:00-ден 07.07.2024 жылы Астана қ.уақыты бойынша 04:00-ге дейін "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде жүйені жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізеді. Көрсетілген уақыт аралығында "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.
Жаңарту жүйені оңтайландыру және жаңа өрістерді («валюталық шарт бойынша "есептік нөмір", "сандық өлшем бірлігі", Қадағалауға жататын тауарлар бойынша "сандық өлшем бірлігіндегі тауар саны") және Экспорттық бақылауға жататын тауарлар бойынша қосымша файлды (лицензияны, рұқсат беру құжатын) қосу мүмкіндігі (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы).
Естеріңізге сала кетейік, бұл өзгерістер ЭШФ АЖ сынақ серверінде қолжетімді (https://test3.esf.kgd.gov.kz) 16.05.2024 жылдан бастап.
Әзірлеуші жинағы (SDK ТІЖ және ЭСФ бланкілері бойынша жаңартулармен) https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-elektronnye-scheta-faktury-1 МКК сайтында жүктеп алуға болады.
Пайдаланушы нұсқаулығымен https://kgd.gov.kz/ru/content/dokumenty-po-esf-1 сілтеме бойынша танысуға болады . ТІЖ және ЭШФ бланкілеріндегі өзгерістер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөмірі бойынша.