Жарияланған күні: 28.07.2016 18:40
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

Салық жүйесі маңызды экономикалық реттеуші және экономиканың мемлекеттік реттеуші механизмінің қаржы-кредиттік негізі болып табылады. Қазақстандағы экономикалық реформалаудың жетістіктері көбінесе елдің салық жүйесінің өзгерісі қандай бағытта болатындығына, мемлекеттік салық саясатының уақыт талаптарына қалай жауап беретіндігіне тәуелді екендігі белгілі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауына сәйкес, келесі міндеттер көрсетілген:      

- ҚҚС орнына «Сатудан түсетін салықты» енгізу;

- барлық тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жою;

- салықтық режимдерді үш деңгейге дейін оңтайландырады (жалпы, жеке кәсіпкерлер үшін патент және шағын және орта бизнес, сондай-ақ, аграрлық сектор үшін арнайы салық режімі).

Салықтық заңнаманы жетілдіру бойынша жоғарыда көрсетілген міндеттердің шешімі тұрғындардың экономикалық белсенділігінің және бюджеттің табыс бөлігінің өсуін, ІӨЖ арттыру, бәсекелестіктің дамуына, елдер арасындағы еркін капиталдар ағымының барлығы және халықаралық бәсекелестікті күшейту жағдайындағы экономиканың шикізат емес секторындағы бизнестің дамуын ынталандыруға, қолайлы инвестициялық ахуалды құруға ықпал жасау қажет.

Салық кодексінде қарастырылған жоғарыда көрсетілген шаралар,  тұрғындардың экономикалық белсенділігінің өсуіне және бәсекелестіктің дамуына, елдер арасындағы еркін капиталдар ағымының барлығы және халықаралық бәсекелестікті күшейту жағдайындағы экономиканың шикізат емес секторындағы бизнестің дамуын ынталандыруға, қолайлы инвестициялық ахуалды құруға бағытталған.

Жалпыға белгіленген тәртіппен, орта және шағын бизнес табыстарына салық салудың қазақстандық жүйесі оңайлатылған жүйе түрінде де берілген, ол шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимін білдіреді. Кәсіпкерліктің жалпы дамуы мен ынталандырылуы үшін жеткілікті салықтық жеңілдіктер Салық кодексімен қарастырылған.

Осылайша, салық заңнамасын реформалаудың қажеттілігі жаһандық қаржылық және экономикалық дағдарыстың әсерінен болған экономикалық жағдаймен қабылданған. Қазір біз көптеген елдердің дағдарысқа қарсы шаралар ретінде салық мөлшерін төмендеткендігін байқаймыз. Қазақстан бұл тұрғыда жаңа Салық кодексінің шегінде салықтық жүктемені мейлінше төмендетуді қарастыра отырып алға озды.

Жалпы алғанда, Қазақстанның салықтық заңнамасын жетілдіру бойынша ұдайы түрде жүргізіліп отырған жұмыс, экономикалық белсенділікті ынталандыруға мүмкіндік жасауға, инвестицияны тартуға және әлемдік экономикалық және қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстан экономикасын тұрақтандыру Бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады.