Жарияланған күні: 01.09.2022 18:05
Өзгертілген күні: 01.09.2022 18:06

2019 жылдың қаңтар айынан бастап  мемлекеттік кірістер органдарының  қызметкерлері казақстан-ресей, қазақстан-қырғызстан шекараларында орналасқан   автомобиль өткізу пунктері арқылы  өтетін тауарлар мен көліктерге мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында тыйымдар мен шектеулерге жататын тауарларға бақылау жүргізіледі. Тыйым салулар  мен шектеулерді сақтау тәртібі  ҚР ҚМ 2019 жылдың 28 маусымдағы № 654 бұйрығымен (бұдан ары-Ереже) реттеледі.

Ережеге сәйкес, тауарлар мен көлік құралдары мемлекеттік шекараға келген кезде тасымалдаушы немесе тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізуді жүзеге асыратын тұлға уәкілетті лауазымды тұлғаға тауар-көлік жүкқұжатын (СMR) ұсынады.

Тасымалдаушы немесе тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізуді жүзеге асыратын тұлға тауар-көлік жүкқұжатын (СMR) ұсынбаған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам осындай тасымалдаушыны немесе тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізуді жүзеге асыратын тұлғаны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

Уәкілетті  лауазымды тұлға жүкқұжаттын (СMR)   және ондағы  мемлекеттік шекара арқылы  тыйым салынған және шектелген тауарлардың қозғалысы туралы мәліметтерді тексереді.   Экспорттық бақылауға жататын (екіұдай мақсаттағы тауарлар),  ұлттық  және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде  тыйым және шектеулер  салынған,  ДСҮ-дан босату Тізімге жататын тауарларға Мониторинг жүргізіледі.

Уәкілетті лауазымды адам тауар-көлік жүкқұжатын (CMR) және ондағы мәліметтерді мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған/шектелген тауарларды өткізу мәніне тексеруді жүзеге асырады. Мониторингке экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарланған мақсаттағы тауарлар), ұлттық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде тыйым салынған/шектелген тауарлар, ДСҰ Алулар тізбесіне кіретін тауарлар жатады.

Мемлекеттік шекара арқылы  өтуге рұқсат етілмейді:

  1. оларға қатысты тыйым салулар мен сандық  шектеулер енгізілген тауарлар;
  2. тауар-көлік жүкқұжаты (CMR) болмаған жағдайларда жүргізіледі.

             Айта кетейік, «Сауда қызметі туралы» Заңының 75-бабына сәйкес  Мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында:

      1) көлік құралдарын, оның ішінде тауарлардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралдарын тоқтатады;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тасымалдаушыдан немесе тұлғадан өткізілетін тауарларға қатысты қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;

 

      3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттауды, бейне- және аудиожазуды, киноға- және фотоға түсіруді жүргізеді.

Осылайша, тауардың тыйым салынуға және шектелуге жататынын айқындау мақсатында лауазымды адам қажетті ақпаратты, сондай-ақ өткізілетін тауарларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде техникалық құжаттаманы сұратуға құқылы.

Жадыра Сүлейменова,

 ШҚО бойынша МКД

ЕАЭО шеңберінде ҚҚС Әкімшілендіру басқармасының

бас маманы