Жарияланған күні: 23.11.2023 12:41
Өзгертілген күні: 23.11.2023 12:42

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті электронды салық әмиянының функцияларын орындайтын «e-Salyq Azamat»  мобильді қосымшасын іске қосты.
Бұл қосымша азаматтарды бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы ақпараттандыру және оларды төлеу мүмкіндігін беру үшін әзірленген. Бұл мобильді қосымшасының арқасында, салық берешегі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына және салық берешектерін төлеу үшін екінші деңгейлі банктердің филиалдарына барудың қажеті жоқ, өйткені қазір мұны онлайн режимде жүзеге асыруға болады.
Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің алдыңғы төлемдер үшін қолданбалы функциясы, алдағы төлемдер туралы мәліметтерді көрсетеді және осылайша салық берешегінің алдын алады. Сондай-ақ, «е-Salyq Azamat» қосымшасында «Салық төлеушілерді іздеу» және «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу», тұлғаның салықтық тіркелуін тексеруге мүмкіндік береді.
«е-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы активтер мен міндеттемелер бойынша (250,00 нысанды), табыс пен мүлік бойынша (270,00 нысанды), жеке табыс салығы бойынша (240,00 нысанды), жер салығы және мүлік салығы бойынша (700,00 нысанды) декларацияларын тапсыруға болады.
Аталған мобильді қосымшаныApp Store және Google Play дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады және оған ЭЦҚ, SMS пароль (егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз) арқылы кіруге болады.