Жарияланған күні: 27.01.2016 17:40
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

2015 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) толық құқықты қатысушысы болды. Қазақстанның ДСҰ енуінің негізігі шарты, тарифтік міндеттемелер тауарлық позициялармен қатар -  енгізу мөлшерлемесі ДСҰ жағдайында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО БКТ) Бірыңғай кедендік тарифі шегінде әрекеттегі кедендік баждан төмен алу Тізбесі болып табылады.

Қазіргі таңда, алу Тізбесі 1 890 тауарлық позициялардан (ауыл шаруашылық өнімдері, жеңіл өнеркәсіп, көлік құралдары және т/б.) тұрады, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап ЕЭО БКТ қарағанда төменірек кедендік баждардың әкелінетін мөлшерлемелері қолданылады.

Қол қойылған құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасы алу Тізбесінде тұрған тауарларды басқа Одақ елдердің аумақтарына тек қана төмендетілген кедендік баждар бойынша  әкелім жасалған жағдайда, таураларды әкетуіне жол бермеуі жөнінде міндеттемені өз мойынына алған.

Алу Тізбесіне енгізілген тауарлардың әкелімі ҚР аумағына ДСҰ мөлшерлемелері бойынша, бірақ, Қазақстан аумағынан шығару құқығынсыз жүзеге асырылуы, немесе Одақтың мемлекет-мүшелеріне әрі қарай сату мақсатында ЕЭО БКТ жүзеге асырылуы керек.

Осыған байланысты, Қазақстанға  тауарларды импорттау кезінде 2016 жылдың 11 қаңтарынан кейін  салық төлеушілерге келесі талаптарды сақтауы қажет:

1) Алу Тізбесінен ДСҰ мөлшерлемсі бойынша Қазақстан Республикасына енгізілген тауарлар, Қазақстан Республикасының шегінен  айналдыруға және әкетуге рұқсат берілмейді;

2) ЕЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша ҚР енгізілген тауарлар, ЕЭО кедендік аумағына шығару кезінде Семей қ. бойынша МКБ немесе ШҚО бойынша МКД куәландырылған электронды шот-фактурамен және  кедендік декларация көшірмесімен тіркелуі керек;

3) Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды ЕЭО мемлекет-мүшелеріне шығарған жағдайда, егер, осы топтың тауары алу Тізбесінде тұрса, құжатты растау ретінде, СТ-1 н. тауарлардың шығуы туралы сертификатты ұсыну қажет.

Тауарлардың орынын ауыстыруына бақылауды жүзеге асыру үшін электрондық шот –фактураларындағы 14 бағанындағы G «Тауардың мәліметтері туралы» тармағындағы кеден декларациясы (КД) және осы тармақтың 15 бағанында КД көрсетілген тауардың реттік нөмірін, кедендік баждың мөшерлемесін (мысалы ДСҰ немесе БКТ ЕЭО) көрсету қажет.

Сонымен қатар, ДСҰ мөлшерлемесі бойынша енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасы аумағынан шығару кезінде, ЕЭО мемлекет-мүше заңнамасына сәйкес жауаптылық шаралары қарастырылған. Сонымен бірге, тауарлардың ауыстырылуы, соның ішінде төмендетілген мөлшерлемелер бойынша енгізілген тауарлар, тасымалдаушылармен жүзеге асырылады, жауапсыз кәсіпкерлердің әрекеті үшін жауаптылық тікелей соларға жатады.

Қазіргі таңда, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары мен Департаменттің қызметкерлерінен тұратын 2 мобильдік тобы құрылды. Мобильді топ жұмысының мақсаты, баждардың төлемі ДСҰ мөлшерлемесі бойынша жүргізілген алу тауарларының айналымының толассыз бақылауын қамтамасыз ету болып табылады.

Мобильдік топтың мүшелері  жасақтау формалары (күртеше) және көлік құралдары, айыру белгілері, жазбалары, және байланыс құралдарымен жабдықталған.

Қазіргі кезде, мөлшерлемелері төмендетілген кедендік баждарымен әкелінетін тауарлар бойынша (ДСҰ) алу тауарларының импортын жүзеге асыратын жекелеген сыртқы экономикалық қызметінің қатысушыларына хронометраждық зерттеу тағайындалған.

Төмендетілген кедендік баждарымен әкелінетін тауарларға қатысты тауарлардың тізбесі  kgd.gov.kz.  сайтына орналастырылғандығын қосымша хабарлаймыз. Нормативті құқықтық актілермен реттелетін осындай тауарларға айналымның ерекше тәртібі белгіленген және бұл туралы kgd.gov.kz.  сайтына орналастырылған.