Жарияланған күні: 24.06.2021 17:36
Өзгертілген күні: 24.06.2021 17:32

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 862 бұйрығымен «Виртуалды қойма» модулінің тауарлар тізбесіне дәрілік заттар бойынша СЭҚ ТН 39 коды енгізілгендігін салық төлеушілердің назарына жеткізеді.

2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу бойынша пилоттық жоба басталды, ол ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде электрондық нысанда ресімделеді.

ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері және олардың құжат айналымы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығымен бекітілген (Қағидалар).

ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның қатысушылары соның ішінде тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер болып табылады, олар бойынша электрондық шот-фактуралар Виртуалды қойма арқылы жазылуға жатады.

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында ЭШФ Виртуалды қойма арқылы шығаруға жататын тауарлар бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылғы 1 қарашаға дейін іске асырылып жатқанына назар аударамыз. Мемлекеттік кірістер органдары пилотты жүргізу кезеңінде айыппұл санкцияларын қолданбайды.

ЭШФ Виртуалды қойма арқылы жазылуға жататын тауарлар-бұл Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына сәйкес электрондық шот – фактуралар Виртуалды қойма арқылы жазылатын тауарлар.

Сонымен бірге, соңғы тұтынушыға бөлшек саудада тауарларды өткізу кезінде ТІЖ ресімдеуге жатпайды.

Ережеде бөлшек сауда дегеніміз – соңғы тұтынушыға тауарларды сатып алуға және сатуға байланысты сауда қызметінің түрі екендігі анықталған.

Бұл ретте соңғы тұтынушы деп – тауарды (ларды) кәсіпкерлік қызметпен және жеке практикамен айналысатын тұлғалармен жүзеге асырумен байланысты емес жеке, отбасылық, үй ішінде және өзге де мақсаттарда пайдалану үшін оларды сатып алатын, сататын жеке тұлға деп түсініледі.

  Бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушінің тауарды түпкілікті тұтынушыға өткізу бойынша бір күн ішінде өткізуді көрсете отырып, өткізу күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей ерікті негізде ТІЖ ресімдеуді қоспағанда, тауарларды өткізу, тиеп-жөнелту, өткізу басталғаннан кешіктірмей жүзеге асыру кезінде ресімделеді.

Осылайша, дәрілік заттарды әкелуге және фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар, оның ішінде дәрілік заттарды импорттауды, өндіруді және көтерме сатуды жүзеге асыратын салық төлеушілер ЭШФ АЖ-де қатысушылар ретінде тіркеуді, кейіннен ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулі арқылы дәрілік заттарды өткізу кезінде ресімделген ТІЖ негізінде ЭШФ жазып беруді жүргізу қажет.

Пайдаланушыларды тіркеу, виртуалды қойманы құру, ТІЖ ресімдеу және "Виртуалды қойма" модулі арқылы ЭШФ жазып беру жөніндегі қадамдық нұсқаулығы бар ЭШФ АЖ пайдаланушысының нұсқаулығы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсының (www.kgd.gov.kz)  "ЭШФ АЖ" бөлімінде орналастырылған.