Жарияланған күні: 26.07.2022 18:27
Өзгертілген күні: 26.07.2022 18:28

2022 жылдың 25 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Донор күні!» акциясына қатысты.

Акцияға 25 қызметкер қатысып, донорлық қан банкін 10 литрге толтырды. Қан алуды «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК мобильді бригадасы жүргізді. Қан тапсырар алдында Департамент қызметкерлері дәрігерлердің ұсыныстарын, барлық ережелерді сақтады.

«ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ерікті донорлық іс-шараларға тұрақты негізде қатысады. Біз әрқашан Облыстық қан орталығын қолдауға, осы игі іске өз үлесімізді қосуға және донорлықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетуге дайынбыз!», - деп атап өтті Департамент қызметкерлері.

Іс - шара соңында Облыстық қан орталығының өкілдері ШҚО бойынша МКД басшылығына және акцияның барлық қатысушыларына аймақтағы қан донорлығын қолдағаны үшін алғыстарын білдірді:

«Құрметті донорлар! Қанның бір бөлігін беру арқылы сіз басқаларға аман қалуға физикалық тұрғыдан көмектесіп қана қоймай, жарқын және жомарт жаныңыздың бір бөлігін бересіз. Сіз әлемді жақсы жаққа өзгертесіз және бұл ризашылыққа лайық. Департамент басшысы Саят Бимағамбетовке облыстағы өтеусіз донорлықты дамытудағы белсенді ынтымақтастығы үшін ерекше алғысымызды білдіреміз!».