
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін техникалық оқыту жалғасуда.
Спикер ретінде Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының бас маманы Роза Сейльханова "Жалпыға бірдей декларациялау" тақырыбында баяндама жасады.
Оқыту барысында аталған тақырып шеңберінде салық төлеушілерден жиі келіп түсетін сұрақтарға жауаптар ұсынылды.