Жарияланған күні: 08.11.2022 18:05
Өзгертілген күні: 08.11.2022 18:06

2022 жылғы 8 қарашада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің алаңында  Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ бизнес және кәсіпкерлік мектептерінің, ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер, сондай-ақ базалық инженерлік даярлық факультетінің бітіру курстарының студенттерімен кездесу өтті.

Аталған іс–шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Тәңірбердіұлы Еркебаев ашты.

Осы ведомство өкілдері мемлекеттік қызмет саласындағы жұмыстың артықшылықтары туралы айтып, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі мәселелеріне толығырақ тоқталды.

Ақпараттық технологиялар саласындағы цифрландыру туралы ШҚО цифрландыру және мұрағаттар басқармасы басшысының орынбасары Валиева Ирина Ахмадуловна айтып берді.  

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де осы іс-шараға белсенді қатысты, мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттері мен функцияларын атап өтті, өз қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды.

Іс-шара соңында жоғары оқу орындарымен стратегиялық әріптестік туралы қол қойылған Меморандумға сәйкес, одан әрі ынтымақтастыққа дайын және әрқашан қуанышты екендіктерін атап өтті.