
Мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің бірі «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу».
Есепке алу - бұл мемлекеттік кірістер органының бюджетке артық немесе қате төленген сомаларды басқа салық міндеттемелерін өтеу есебіне аудару жөніндегі операциясы. Қайтару – салық төлеушінің банктік шотына бюджетке артық немесе қате төленген сомаларды қайтару жөніндегі операциясы.
Іс жүзінде салық төлеуші салықтық міндеттемеде көзделген төлемнен көп төлем жасаған жағдайлар кездеседі. Бұл жағдайда салық төлеуші салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтінішті (бұдан әрі – салықтық өтініш) төлем жүргізілген мемлекеттік кірістер органына ұсынуға құқылы, ол өз кезегінде бес жұмыс күні ішінде осы салықтық өтінішті орындайды.
Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, бюджетке салық берешегі болмаған жағдайда салық төлеушінің банктік шотына жүргізіледі.
Төленген мемлекеттік бажды қайтару кезінде қайтаруға негіз болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органның құжатын қоса бере отырып, салықтық өтініш берілетінін атап өту қажет. Төлем туралы құжат талап етілмейді. Қайтару мемлекеттік баж сомасы бюджетке есептелген күннен бастап үш жыл ішінде төлеушінің банктік шотына жүргізіледі.
Салықтық өтініш салық төлеушінің кабинеті арқылы, сондай-ақ ЭЦҚ болған жағдайда http://egov.kz арқылы беріледі.
Дербес шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдер бойынша салық төлеуші қүжаттарды уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады. Бұдан әрі, уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік кірістер органына көрсетілген сомаларды есепке жатқызуға не қайтаруға корытынды жібереді. Мемлекеттік кірістер органы қорытындыға сәйкес салық төлеушінің банктік шотына есепке жатқызуды не қайтаруды жүргізеді.
Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты https://vko.kgd.gov.kz мекенжайы бойынша ШҚО бойынша МКД сайтында, сондай-ақ 1414 нөмірі бойынша колл-орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болатындығын хабарлаймыз.