Жарияланған күні: 21.12.2022 15:11
Өзгертілген күні: 21.12.2022 15:12

2022 жылғы 14 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасымен ШҚО Прокуратурасының және аймақтағы мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен бизнесті қорғау жөнінде форум өтті.

Форумның өту мақсаты кәсіпкерліктің келелі мәселелерін, оның ішінде ЭШФ бұғаттау, мәмлеллерді жарамсыз деп тану, әкімшілік жауапкершілік және т.б. шешу жолдарын іздестіріп, талқыға салу.

Форумға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы орынбасарының м.а. Асхат Райнбекович Жибитаев, заң басқармасының басшысы Лезгиева Оксана Юрьевна қатысты.

Департамент өкілдерімен облыс кәсіпкерлерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріліп, түсіндірулер жүргізілді.