
2026 жылғы 9 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған «Бизнес және салықтар» жобасы аясындағы кезекті тікелей эфир өтті.
Кездесудің тақырыбы мобильді аударымдар мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алынған жеке тұлғалардың табыстарына салық салу мәселелері болды.
Іс-шара барысында Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова салық заңнамасының қолданыстағы нормаларын, шетелдік көздерден алынған табыстарды декларациялау тәртібін, сондай-ақ мобильді аударымдарды бақылау ерекшеліктерін түсіндірді. Қатысушылар салық міндеттемелерін орындау және салық заңнамасы нормаларын практикада қолдану мәселелеріне қатысты өзекті сұрақтарына жауап алды.
Кездесуде халық пен кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ салық заңнамасын бұзудың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді. Бұл өз кезегінде талқылауға қызығушылық танытқан азаматтар мен бизнес өкілдерінің кеңінен қатысуына мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың салық төлеушілерді заңнамадағы өзгерістер туралы уақтылы хабардар ету және салық міндеттемелерін ерікті түрде орындау мәдениетін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.




























