2016 жылдың 6 айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі экономикалық қылмыстардын және «көлеңкелі» экономика саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізді.
Ағымдағы жылдың I-ші жарты жылдығында 226 экономикалық қылмыс анықталып, оның 99-ы бойынша өндіріс аяқталды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша шығынның анықталған сомасы 14,4 млрд. теңгені құраса, оның ішінде 5,6 млрд. теңгенің шығыны қайтарылып, 193,8 млн. теңгенің мүлкіне тыйым салынды.
Бюджеттік салада 76 заңбұзушылық ашылды, оның 21 қылмыстық ісі мемлекеттік сатып алу саласында болса, 55 квазисекторда анықталған.
Жалған кәсіпкерлікпен күрес саласында 107 қылмыс тіркеліп, сотқа 64 қылмыстық іс жолданды.
Экономикалық тергеу қызметі заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттарын заңдастыру және ақшаны қолма қол ақшаға айналдырудың алдын алуға басты назар аударды.
Жыл басынан бастап жалған кәсіпорындардың екінші деңгейлі банктерде 34,9 млн.теңге сомасында ақша қаражаттарын қолма қол ақшаға айналдыру барысында 5 топ ұсталды.
Алкогольдік өнімнің көлеңкелі айналымының негізгі бөлігін спирттік өнімдерді заңсыз сақтау және өткізу саласында кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу фактілері құраған. Ағымдағы жылдың басынан бастап аталған салада 11 қылмыс тіркеліп, заңсыз айналымнан 25 мың литр спирт және 210 мың шөлмек арақ-шарап өнімдері, сонымен қатар 211 мың жалған есептік бақылау маркалары алынды.
2016 жылдың 6 айында СТБТ жалған ақша жасау, сақтау, өткізудің 34 фактісі тіркелді.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру саласында 15 қылмыстық іс тіркеліп, 6 қылмыстық іс сотқа жолданды, көлеңкелі айналымнан 44 лотереялық терминалдар, 2 ойын автоматтары, 33 компьютер алынды.
Сонымен бірге, экономикалық қылмыстарды жасаудың себептері мен салдарын жою туралы мемлекеттік органдар мен мекемелерге ұсыныстар енгізу арқылы алдын алу шаралары қабылдануда. Осы мақсатта мемлекеттік және басқа органдарға 119 ұсыныс жолданды.
Сонымен қатар экономикалық құқық бұзушылықтар туралы Шығыс Қазақстан облысы МКД Экономикалық тергеу қызметіне 24-06-05 сенім телефонына немесе Өскемен қаласы, Новаторлар көшесі 7/2 мекен жайына хабарлауға болатынын еске саламыз.
ШҚО бойынша МКД ЭТҚ