Жарияланған күні: 06.05.2019 11:27
Өзгертілген күні: 22.11.2019 14:58

                              Біріңғай жиынтық  төлем дегеніміз не ?

 

         Біріңғай жиынтық төлемдері төлеушілер кәсіпкерлік қызметті дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын,Салық кодексінің 774- бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке тұлғалар ретінде  танылады. 

        Дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке тұлғалар үшін қызмет көрсетерді, жұмыстар атқарады;

3) жеке тұлғаларға пайдалану үшін өзі өндірген ауылшаруашылығы өнімін сатады.

       Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушінің алатын кірісінің күнтізбелік жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Төлем ай сайын жүргізіледі, Сіз банк немесе банк ұйымдары  арқылы, қолма-қол ақшамен  төлейсіз немесе қолма-қол  ақшасыз есеп айырысу арқылы бірінғай жиынтық төлемді «Азаматтарға арналған үкімет » МК-нің банктік шотына аудару қажет:

        Республикалық маңызы бар қалаларда,астанада және областық маңызы бар қалаларда –ай сайын 2525 теңге.

Басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 есепьелген  мөлшері -1262,5 теңге.

       Мыналар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды:

1) коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде меншік, жалдау, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілердің аумағында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;

2) тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беретін адамдар;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

5) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.

       Өздігінен жұмыс жасайтын азаматтар бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның банк шотына бір төлем тапсырмасымен төлеу арқылы жүргізеді, ол БЖТ келесідей тәртіппен бөледі:

 -БЖТ-ң 10% - жеке табыс салығы;

 -20 %  - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;

 -30 % - Бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы

 - 40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;

                                                             Шығыс-Қазақстан облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті 

Түсіндіру жұмыс басқармасы