Жарияланған күні: 11.09.2020 18:08
Өзгертілген күні: 11.09.2020 18:10

Бейрезидентке  инжинирингтік қызмет көрсету кезіндегі ҚҚС

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндірмесіне сәйкес салық төлеушілердің назарына мыналарды жеткізеді.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 1-бабы 1-тармағы 28) тармақшасына сәйкес (Салық кодексі) инжинирингтік көрсетілетін қызметтер – инженерлік-консультациялық көрсетілетін қызметтер, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындау, өндірісті ұйымдастыру және басқару, өнімдерді өткізу саласында ұсынымдар әзірлеу.

Салық кодексінің 378-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес егер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы кәсіпкерлік немесе Қазақстан Республикасының аумағында кез келген басқа қызметті жүзеге асырса, Салық кодексінің 10-бөлімінің мақсаттары үшін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылады.

Осы тармақшаның мақсатында жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыру орны болып танылады.

        Егер бейрезидент жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы болып табылған, ал есептік тіркелуі тіркеуші органда жүргізілген оның құрылымдық бөлімшесі алушы болып табылған жайдайда, онда Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.

Осы тармақшаның ережелері сонымен қатар инжинирингтік қызметтерге қатысты қолданылады.

Салық кодексінің 378-бабы 2-тармағы 5) тармақшасының бірінші абзацына сәйкес егер осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын тұлға орындаса немесе көрсетсе, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып таныласа, Салық кодексінің 10-бөлімінің мақсаттары үшін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, егер жобалау жұмыстары инжинирингтік қызметтерге жататын болса және осындай қызметті алушы Қазақстан Республикасында орналасқан жері бойынша есепте тұрған бейрезиденттің құрылымдық бөлімшесі болып табылмаса, онда осындай инжинирингтік қызметтерді көрсету орны Қазақстан Республикасы деп танылады, тиісінше, осы қызметтерді өткізу бойынша айналым салық салынбайтын айналым болып танылады.                                                                                    

Егер жобалау жұмыстары инжинирингтік қызметтерге жатпаса, онда оларды өткізу орны Салық кодексінің 378-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы ретінде айқындалады, тиісінше жобалау жұмыстарын өткізу бойынша айналым ҚҚС төлеуші үшін ҚҚС салынатын болып танылады.

 

                                                          Түсіндіру жұмыс басқармасы