
2023 жылғы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне белгілі жазушы, публицист, қоғам қайраткері Жан Ақжанов шығармашылық сапармен келді.
Кездесу барысында көркем әдебиетті насихаттаушы Жан Ақжановтың «На госслужбе» атты жаңа туындысының тұсаукесері өтті, аталған шығарма мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға арналған. Бүгінгі таңда әлемнің 27 елінде болған жазушы және полиглот Жан Ақжановтың кітаптары кең аудитория арасында жоғары сұранысқа ие және танымалдығы күн санап арта бастады. Олардың қатарында «Аудит счастья», «Путь врача», «Степь и судьба», «Алсуа», «Медсестра», «Вакцинация» шығармалары бар.
Кездесуге қатысушылар көркем сөз зергеріне қызығушылық танытқан сұрақтарын белсенді түрде қойды.
Іс-шара соңында Департамент басшысының орынбасары Ерік Татубаев ШҚО бойынша МКД ұжымының атынан жазушы Жан Ақжановқа мемлекеттік қызметшілерге арнаған кітабы үшін алғысын білдіріп, Мемлекеттік кірістер органдары қызметшілерінің оң имиджін қалыптастыру мақсатында публицист шығармаларының өзектілігін атап өтіп, шығармашылық табыс тіледі.
Әдеби кездесуден естелікке фотосуреттер мен публицистің қолтаңбасы бар жаңа кітаптары қалды.