
2022 жылы 23 қарашада ШҚО бойынша МКД-нің Алтай ауданы - Алтай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қала Әкімдігінің, Алтай ауданы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп «Али – Баба» сауда кешенінің аумағында тіркеу есебіне қою, QR - кодтарды қалыптастыру бойынша көмек көрсету, «Е - Salyq Business» мобильді қосымшасын қолдану, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру, деректерді тіркеу және ұсыну функциясы бар БКМ-сын қолдану бойынша жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс - шара барысында Алтай ауданы - Алтай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жеке кәсіпкерлерге өзекті салық мәселелері, сондай-ақ ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің «Е-Salyq Business», «E-Salyq Azamat», «SalyqBot» цифрлық интерактивті онлайн сервистерін қолдану бойынша кеңес берді.
Сонымен қатар, қала тұрғындарына «Азаматтық бақылау – Түбіртекті талап ет!» акциясы, «SalyqBot», «Е-Salyq Business», «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшалары туралы буклеттер табысталып, кәсіпкерлер арасында ақпараттандырудың қолданыстағы әдістерін және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
https://www.instagram.com/reel/ClVEVDxqH8H/?utm_source=ig_web_copy_link