Жарияланған күні: 29.05.2026 16:49
Өзгертілген күні: 29.05.2026 17:23

Өскемен қаласында Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасындағы республикалық Спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті

2026 жылғы 29 мамырда Өскемен қаласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасындағы республикалық Спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті. Аталған іс - шараға еліміздің бес өңірінен — Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы және Ұлытау облысынан келген командалар қатысты.

Іс - шараның басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, командалық рухты нығайту және мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру.

Спартакиада аясында мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат және киберспорт түрлері бойынша жоғары спорттық дайындықтарын, ұйымшылдықтарын және жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті.

Қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Саят Бимағамбетов мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жауапты кәсіби қызметпен қатар, спорттық өмірге де белсенді қатысып, тәртіптің, табандылықтың және салауатты өмір салтына адалдықтың үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті.

Іс-шараның құрметті қонағы — бас төреші, «ШҚО Ардагерлер және спорт кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Мұхамедолла Ағзамов қатысушыларға сәттілік, әділ бәсеке және жарқын жеңіс тіледі.

Мәдени бағдарлама аясында қонақтарға мәдениет саласының үздігі Әсел Қыдырханованың орындауындағы «Самға Қазақстан» музыкалық композициясы ұсынылды. Сонымен қатар, кәсіби «Алтай» халық би Ансамблінің орындауындағы «Тор жарға» хореографиялық қойылымы көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, қатысушылардың спорттық рухын көтерді.

Жарыстар командалар арасындағы өзара құрмет, қолдау және спорттық бәсекелестік рухында өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен үздік командалар республикалық кезеңге жолдама алады.