
Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 12 сәурде сағат 00:00 –ден 2025 жылғы 13 сәурде 23:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің серверлерінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген ұақыт аралығында «ЭШФ» АЖ жетімді болмайды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412- бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және ТІЖ ресімдеу қағидаларының 64, 65 – тармақтарына ( 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 Бұйрығы) сәйкес, қажет болған жайғдайда салық төлеушілер қағаз ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ еңгізуге құқылы:
- 2025 жылғы 14 сәуірден бастап күнтізбелік 15 ( он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
- 2025 жылғы 14 сәуірден бастап күнтізбелік 3 ( үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға іліспе жұкқұжат.
Бұл ретте, айыппұл санкциялары қолданылмайды.
ҚР ҚМ МКК –і салық төлеушілерге түсіністік үшін алғыс білдіреді. Біз ақпараттық жүйелерімізді жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз.