Жарияланған күні: 24.05.2024 17:33
Өзгертілген күні: 24.05.2024 17:42

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бұқтырма су қоймасының жағалауында көшпелі семинар өткізді

Бүгін, 2024 жылғы 24 мамырда ШҚО Үлкен Нарын ауданында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» ҚР ҰКП, құқық қорғау және уәкілетті органдардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен салық заңнамасын түсіндіру бойынша кең ауқымды көшпелі семинар өткізді.

Семинарды Департамент басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш ашып, өз сөзінде облыс тұрғындарының салық сауаттылығын арттыруға, әділ салық салуды қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысы – адами және табиғи әлеуеті мол еліміздің тау-кен өнеркәсіптік өңірі, оның ауданы - 98 мың шаршы шақырым, ал тұрғындарының саны 2024 жылғы 1 сәуірге - 726,4 мың адамды құрайды.

Үлкен Нарын ауданы дәнді және майлы дақылдар өсіретін ауыл шаруашылығының аймағы болып табылады. Аудан Бұқтырма су қоймасының жағалауын қамтитын туристік демалыс орталықтарының бірі болып табылады. Өңірде туристер үшін демалыс базалары, дүкендер, кафелер, қызметтердің үлкен тізімін ұсынатын экскурсиялық турлар жұмыс істейді. Бұдан басқа, объектілердің негізгі бөлігі алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сатуды жүзеге асырады.

01.01.2024 жылғы көрсеткіш бойынша бизнес субъектілерінің саны – 2678 (заңды тұлғалар-309, ЖК-2483).
Үлкен Нарын ауданының экономикалық тұрақтылығын ауыл шаруашылығы айқындайды, ауданның басты тауары өсімдік шаруашылығы өнімі болып табылады.

Семинар барысында Департамент өкілдері салық органдарында тіркеу есебіне қою, БКМ мен терминалдарды қолдану, салық есептілігінде жалдамалы қызметкерлердің табыстарын көрсету, туризм объектілеріне салық салу тәртібі туралы заңнаманың ережелерін айтты.
 
Семинарға қатысушылардың назарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салық заңнамасындағы жалпы өзгерістер, жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар мәселелері жеткізілді.
 
Сонымен қатар, спикерлер тауарларға ілеспе жүкқұжаттар және алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия алу тәртібі туралы хабарлады.

Семинар барысында Департаменттің, құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері Үлкен Нарын ауданының тұрғындарының сұрақтарына жауап берді, семинар соңында қатысушыларға салық салу, жалпыға бірдей декларациялау бойынша жадынамалар/буклеттер табыс етілді.