Жарияланған күні: 12.09.2023 18:08
Өзгертілген күні: 13.09.2023 14:53

8 млн. 303 мың теңге сомасына сәйкестендіру құралдары жоқ 1880 электрондық сигареттер мен құрамында никотин бар сұйықтық тәркіленді
 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментімен және Өскемен қаласы бойынша МКБ бірге 2023 жылдың 5 қыркүйегінен бастап «Вейпсіз қала» жедел алдын-алу іс шарасы аясында Өскемен қаласындағы 4 сауда орны мен дүкендерінде бірреттік электрондық сигареттер, оның ішінде сұйықтықтар мен гельдерді сәйкестендіру құралдарынсыз сату мәселесі бойынша тақырыптық тексерулер жүргізуде.

Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 8 млн. 303 мың теңгеге 1880 дана электрондық сигареттер мен никотин бар сұйықтық тәркіленді.

Осы бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК 283-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделген. Санкция құқық бұзушылықтың тікелей нысаны болып табылған акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, елуден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі жазаны көздейді.

Қажетті шаралар сот шешімі шыққан соң қабылданады.

Темекі өнімдері мен бірреттік электрондық сигареттердің айналымын бақылау тұрақты негізде жүргізілетін болады.