Жарияланған күні: 23.01.2020 15:24
Өзгертілген күні: 23.01.2020 15:26

Ухань провинциясындағы этиологиясы анықталмаған пневмония ауруы бойынша эпидемиялық жағдайды асқындырмау және Қазақстан Республикасына келуін алдын алу мақсатында Шығыс  Қазақстан облысы бойынша МКД халықаралық «Бақты» кеден бекетінде жылдың басынан бастап санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген. 

Өткізу пунктінде термометрия жасау үшін денеге тигізбейтін  стационарлық тепловизорлар істеп тұр,  мемлекеттік шекарадан өтетін  науқастарды  анықтау мақсатында  жеке азаматтар тексеруден өтеді, ауру жұқтуруға жол бермеу үшін туристтік топтармен профилактикалық әңгіме жүргізіледі, ҚХР –нан келетін азаматтармен тікелей қатынасатын мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлері нұсқау алды, олардың барлығы санитарлық маскалармен қамтамасыз етілді.

 

 

«Бақты» кеден бекетінің жетекші маманы Мамырбаева М