Жарияланған күні: 14.11.2024 10:42
Өзгертілген күні: 14.11.2024 10:44

Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бөлек санаттарды қоспағанда, мемлекеттік тізімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады, ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою, тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет үшін төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады.

Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағында БКМ чегінің міндетті реквизиттері, оның ішінде тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы туралы ақпарат белгіленген.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында салық төлеушілерден қызметті Қазақстан Республикасы заңнамасының жоғарыда баяндалған нормаларына сәйкес жүзеге асыруды сұраймыз.