
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге Мемлекет басшысының өзін - өзі реттеу, қоғамдық бақылау тетіктерін мораторий қолдану кезеңінде жандандыру туралы тапсырмаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен 2021 жылғы 20 қазаннан бастап «Азаматтық бақылау – Түбіртекті талап ет!» акциясының қайта өткізіле басталғандығы жайлы хабарлайды.
Акция аясында азаматтар фискалдық түбіртекті бермеуге қатысты бұзушылықтар және банк картасын қабылдаудан бас тарту туралы хабарлай алады.
«Азаматтық бақылау – Түбіртекті талап ет!» акциясына кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштер Мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылатын болады.
Фискалды түбіртекті бермеу және банк картасын қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «Wipon» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға болады.
Кәсіпкер туралы ақпаратты кассаның жанында орналасқан QR-кодтың көмегімен алуға болады. Бұзушылық расталған жағдайда хабарлама жөнелтуші телефон теңгеріміне сыйақы ала алады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзушыларға бей-жай қарамауға және «Азаматтық бақылау – Түбіртекті талап ет!» акциясына белсенді қатысуға шақырады.
https://www.instagram.com/tv/CgQljXmgO8B/?utm_source=ig_web_copy_link