Жарияланған күні: 05.12.2024 14:44
Өзгертілген күні: 05.12.2024 14:45

2024 жылғы 4 желтоқсанда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, облыстың басқа да мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірге Өскемен қаласындағы “Дос-Нар” сауда павильонында өткен “Азаматтарға арналған кеңес беру күні” акциясына қатысты.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге жәрдемдесу мақсатында Өскемен қаласының тұрғындарына өз сұрақтарын қойып және тегін заңгерлік кеңес алу мүмкіндігі берілді.

Іс-шара барысында Департамент өкілдері азаматтардың жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар, онлайн-БКМ қолдану бойынша сұрақтарына жауап беріп, сонымен қатар қазіргі уақытта  өткізіліп жатқан «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал» акциясымен таныстырды.

Енді мұндай акцияларды тұрақты негізде өткізу жоспарлануда. Бұл азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділікті қамтамасыз етудегі және хабардарлық деңгейін арттырудағы маңызды қадам болмақ.