Жарияланған күні: 16.01.2024 18:55
Өзгертілген күні: 16.01.2024 18:55

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 08 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 468 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1334 бірлескен бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынғанын хабарлайды.