Жарияланған күні: 23.07.2024 11:10
Өзгертілген күні: 23.07.2024 11:14

2024 жылғы 19 шілдеде Астана қаласында аумақтық Департаменттер қызметкерлері арасында ҚР ҚМ МКК шағын футбол, волейбол, шахмат және кибер-спорт бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай Республикалық Спартакиада өткізілді.

 

Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту, ұжым мен қызметкерлерді біріктіру, патриотизмді арттыру мақсатында өткізілді.

 

Турнирге 21 команда, оның ішінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы және облыстар мен қалалар бойынша Департаменттерден 20 команда қатысты.

 

Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрама командасы шахматтан финалда-1 орын, волейболдан және шағын футболдан -3 жүлделі орынға ие болды.