Жарияланған күні: 04.08.2022 17:12
Өзгертілген күні: 04.08.2022 17:36

«Астана-1» АЖ «Тауарларды декларациялау» кіші жүйесін түрлендіру шеңберінде тәуекелдерді бағалау процесін автоматтандыра отырып, тауарларға арналған декларацияны тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы өтініштің электрондық нысаны іске асырылды.

Осыған байланысты, 2022 жылғы 8 тамыз сағат 00.01-ден бастап тауарларға арналған декларацияны тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тек электрондық түрде «АСТАНА-1» АЖ арқылы ұсыну қажет.

Өтініш берушілер (декларацияны толтырушылар) мен кеден өкілдеріне арналған электрондық түрдегі өтініш бойынша Пайдаланушы нұсқаулығы «Онлайн оқыту» бөлімінде экспорттық - импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» АЖ-де орналастырылған (https://eokno.gov.kz/online-traning.xhtml).