
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, бөлшек салық режимін қолданатын салық төлеушілердің назарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы Е.Біржановтың «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 21.07.2023 жылғы 21 шілдедегі № 783 бұйрығына сәйкес 913.00 «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация» нысанындағы салық есептілігіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін жеткізеді.
2023 жылдың 2-тоқсаны үшін 913.00 нысаны бойынша салық есептілігін тапсыру - 2023 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей тапсыру керектігін естеріңізге саламыз.
Тусіндіру жұмыстары басқармасы