Жарияланған күні: 14.09.2016 10:57
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына, Қазақстан Республикасының кеден және салық органдарының құрылғандығына 25 жыл толуына және Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының Ардагерлер кеңесімен өзара тығыс әрекеттесуді қамтамасыз ету мақсатында, 2016 жылдың 07 қыркүйегінде ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен ардагерлердің қатысуымен «Күз сыйы» (әрі қарай мәтін бойынша-конкурс) конкурсы өткізілді. Конкурс Өскемен қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өтті.

Конкурсты «Салық қызметі органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Нугманов Слямгазы Балагазович  ашты. Ол сөзінде аталған конкурс ардагерлер мен қызметкерлерді бау-бақша қызметіне тарту, таза экологиялық бау-бақша дақылдары мен жеміс-жидектерді толайым өсіруде тәжірибе алмасу, біріктіру үшін, сонымен қатар, жас ұрпақтың жерге деген сүйіспеншілігін тудыру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу үшін ұйымдастырылғандығын атап өтті.

Конкурсқа қатысқан 11 қатысушы өздері өсірген жеміс-жидектер және көкөніс өнімдерінің әр түрімен (дайын өнімдегі, кептірілген, табиғи, маринадталған, консервіленген және т.б.), сонымен қатар, жекелеген дастарған үстіндегі гүлдермен безендірілген.

Конкурстың бірқатар қатысушылары өздерінің тапқырлықтарымен ерекшеленді және тіпті піскен жабайы құстардың еттерін, кептірілген саңырауқұлақтарды және т.б. ұсынды.

Конкурсты бағалау әр қайсысына 3 жүлделі орындарды иелендерумен 2 номинация бойынша жүргізілді: бірінші номинация-«ұсынылған жемістер мен көкөністердің сапалары мен мөлшері және дастарғандарды безендіру»; екінші- «ең ірі жеміс немесе көкөніс (келісі, көлемі)».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурстың жеңімпаздарын анықтау мен бағалауды конкурстық комиссия (әрі қарай-Комиссия) өткізді, оның құрамына Шығыс Қазақстан облысы салық қызметінің ардагерлері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері және Өскемен қаласының «Самоцветы» бақ шаруашылығы бірлестігінің төрағасы болды.

Комиссия конкурсқатысушыларымен ұсынылған өнімдерді бағалап, қорытындысын шығарды және оның жеңімпаздарын анықтады.   

Комиссияның шешіміне сәйкес бірінші номинациядағы І орынды көп мөлшердегі сапалы өнімдерді ұсынғандығы үшін ШҚО салық қызметінің ардагері- Манцуров  Александр Георгиевич иеленді.

Екінші номинация бойынша І орынды үлкен көлемде кольраби қырыққабатын өсіргендігі үшін Глубокий ауданы бойынша салық қызметінің ардагері- Ильина Нина Петровна иеленді. Екі номинация бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар берілді.

Сонымен қатар, көрермендер ықласына бөленген (ең үздік қолдан жасалған бұйымдар, ең үздік безендірілген дастархан, ең әдемі гүлдер, конкурс тақырыбына сай өлеңдер мен өзіндік әуендегі (частушка) өлеңдерді орындау) қатысушылардың ақшалай сыйлық түріндегі жүлделеріне тағы да конкурстың 4 қатысушысы ие болды.

Мысалы: ең үздік өзіндік әуендегі (частушка) өлеңін орындағандығы үшін, Глубокий ауданы бойынша салық қызметінің қария ардагері  Лунина Валетина Ивановна (81 жас) марапатталды. Сонымен қатар, Валетина Ивановна жүзімнің ірі сұрыпын өсіргенді үшін ІІІ орынды иелен отырып конкурстың екінші номинациясы бойынша жүлдегері болғандығын атап өткіміз келеді.

Сонымен бірге, конкурсқа белсенді қатысқандықтары үшін барлық 11 қатысушы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Казбекович Айнабековтың және  «Салық қызметі органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Слямгазы Балагазович Нугмановтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Конкурстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттағаннан кейін барлық қатысушылар мен шақырылғандар өзара әңгімелесті. Олар конкурста қойылған өнімдердің дәмдерін татып, жемістердің ұрықтарымен, оларды өсіріп-өндірудің әдіс-тәсілдерімен және т.б.өзара пікір алмасты.

Аталған іс-шара аяқталғаннан соң, қатысушылар мен қонақтар шай ішуге шақырылды, ниеттес достық жағдайында өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, осы конкурстың ұйымдастырушыларына өз алғыстарын білдірді.

Ардагерлер мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің пікірлері бойынша бұл конкурс оларға өте ұнады және олардың естерінде ұзаққа сақталатындығын айтты, сонымен қатар, іспеттес іс-шараларды дәстүр ретінде жалғастыруды сұрады.

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінің 

ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы

Исанова Сабира Курмантаевна