Жарияланған күні: 25.06.2024 16:19
Өзгертілген күні: 25.06.2024 16:24

 

2024 жылғы 27 маусымда сағат 11:00 - де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп «Мемлекеттік бақылау органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі-ЕАЭО)  кедендік шекарасына және ЕАЭО кедендік шекарасына сәйкес келмейтін ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы нақты тауарлардың өткізілуін бақылау функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді және ЕАЭО кедендік шекарасына сәйкес келмейтін ҚР Мемлекеттік шекарасын, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының және «Атамекен» ҚР ҰКП өңірлік бөлімшелерінің өкілдерін қамтиды.

 

Спикерлер:

 

Карисов Берік Қанатұлы, ҚР ҚМ МКК аудит департаменті ЕАЭО шеңберінде қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасының (бұдан әрі - ҚҚС) бас сарапшысы;

 

Мусаханов Жасұлан Бақытбекұлы, ҚР ҚМ МКК Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі - МКД) ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру басқармасының экспорттық бақылау бөлімінің басшысы;

 

Сүлейменова Жадыра Мақсатқызы, ҚР ҚМ МКК Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшіленліру басқармасының басшысы.

 

Өткізу уақыты:

 

2024 жылғы 27 маусымда сағат 11:00-де.

 

Өткізу орны:

 

Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылы, 86, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты, мәжіліс залы, 11 қабат.

 

Анықтама телефоны:

 

8(7232) 24-43-30

8 (777) 504 94 47

 

Конференцияға қатысу үшін мына сілтеме бойынша өтуге болады: https://us02web.zoom.us/j/83341441650?pwd=4UPWKG97oFhC3JmCNiSQc1M7lTpbM5.1

 

Конференция идентификаторы: 833 4144 1650

 

Кіру коды: 324927