Жарияланған күні: 30.04.2021 19:09
Өзгертілген күні: 30.04.2021 19:13

Этил спирті, алкоголь өнімі мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларының күші жойылып, орнына тауарларға ілеспе жүкқұжаттары енгізілген.

Бұдан бұрын алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерінің айналымы жасалған кезде алкоголь мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттар ресімделген.

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңның 9-бабының 5-тармағына, «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларға ілеспе жүкқұжатсыз айналымына және орнын ауыстыруына тыйым салынады.

Осылайша, кәсіпкерлік субъектілері алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерінің айналымын жасаған кезде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) ресімдеуі қажет.