Жарияланған күні: 12.06.2023 17:15
Өзгертілген күні: 12.06.2023 17:15

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылғы 10 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 419 бұйрығына сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар» кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілгендігін хабарлайды.