
Қазақстанда 6 айға ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды.
Шектеулер ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және Қазақстан аумағынан ағаш материалдарын заңсыз қайта экспорттауға жол бермеу үшін қажет.
«Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 322 бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 8 маусымнан бастап 2022 жылғы 8 желтоқсанға дейін тыйым салынады.
Осы бұйрық ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар» кодын қоспағанда, Қазақстан аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге тыйым салуды көздейді.