Жарияланған күні: 21.02.2017 10:48
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:36

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті,  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, табыстары мен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы декларацияны табыс ету мемлекеттік қызметкерлердің міндеттерінің бірі болып табылатын азаматтар тізімі белгіленген.

Осы декларацияның атауы «Жеке табыс салығы және мүлік бойынша  декларация», нысанның нөмері – 230.00.

Салық Кодексіне сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша 230.00 нысандағы декларацияны келесі тұлғалар табыс етеді:

1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген жеке тұлғалар, атап айтқанда, мемлекеттік қызметкерлер, жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы;

2)  Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар;

3) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және  Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес (атап айтқанда, ҚР Қылмыстық-атқару кодексі 169 б., сот шартты-мерзiмiнен бұрын босатылған тұлғаларға, жазаның қалған өтелмеген бөлiгi аяқталғанға дейiн табыстары және мүліктері туралы декларацияны табыс ету белгіленген, бұл ретте, көрсетілген адамдар iшкi iстер органына мемлекеттік кіріс органының декларацияны алғаны туралы анықтамасын табыс етеді) декларацияны табыс ету міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы жеке тұлғалар.

Сондай-ақ, Заңмен, мемлекеттік қызметкерлердің жұбайларымен (зайыптарымен) тұрғылықты жері бойынша табыстары мен мүлкі туралы 230.00 нысандағы декларацины тапсыру міндеті бекітілгенін еске саламыз.

Декларация жыл сайын орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына 31 наурыздан кешіктірмей табыс етілуі тиіс.  

Салық есептілігін тиісті салық органдарына: қағаз жеткізгіште өзі келу тәртібімен,  хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы және электронды түрде ұсынуларына болады.

Декларацияны электронды түрде «Салық төлеуші кабинеті»WEB қосымшасы арқылы http://cabinet.salyk.kz мекенжайы бойынша ұсынуға болады, онда 230.00 СЕН тапсыруға жеке сервер жайылған, сондықтан мемлекеттік кірістер органдарымен декларацияны табыс ету үшін «230.00 декларациясын табыс ету» жеке модулиң қолдануды нұсқаймыз.

Сонымен қатар, «Салық төлеуші кабинетінде 230.00 декларациясын табыс ету» 230.00 СЕН 2013 жыл мерзімімнен  бастап ағымдағы жылға дейін тапсыру және нысандар журналын қарастыру мүмкіндігі бар. «Салық төлеуші кабинетінде 230.00 декларациясын табыс етуге» қуаттану үшін  пайдаланушылар іс әрекеттерінің қадамдық мазмұндалуымен нұсқау ftp://ftp.mgd.kz/  и ftp://ftp.salyk.kz/  орналасқан.

Ғаламторға кіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, әрбір мемлекеттік кірістер басқармасында мемлекеттік қызметкерлер декларацияларын жіберу үшін салық төлеуші терминалдары бар.

230.00 нысанындағы салық есептілігі және оны толтыру ережелері Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталында,  «ҚР заңдылықтары» - «Салық есептілігі нысандары» - «2017ж. СЕН» - «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық» - «230.00нысан» мекенжайы бойынша  орналасқан.

Декларацияны электронды түрде табыс ету үшін мемлекеттік қызметкерлерге тұрғылықты жері бойынша салық органына  немесе ХҚКО жүгіну арқылы жеке криптографиялық кілт алу қажет.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 274 бабымен,  мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы 50айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қарастырылғанына назарларыңызды аударамыз. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекет 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

230.00 нысандағы декларацияны шартты-мерзiмiнен бұрын босатылған тұлғалармен табыс етпеуі үшін де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 272 б. сәйкес, аталған бұзушылықты бірінші рет жсағанда мемлекеттік кіріс органы ескерту ретінде әкімшілік жауапкершілік  қолданады,  ал ол бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекетке 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.