
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті автокөлік иелеріне жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімінің жақындағанын еске салады.
Жеке тұлғалардың 2024 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталады.
2024 жылғы салықты есептеу кезінде 2024 жылы қолданыста болған 3 692 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады.
Көлік салығын қалай есептеуге болады?
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады.
Бұл ретте есептік сальдоны анықтау үшін салық органдары жыл сайын жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты тиісті жылға есептейді.