Жарияланған күні: 23.02.2023 19:55
Өзгертілген күні: 23.02.2023 19:56

2023 жылғы 22 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер органдарының пайдалы және қызықты контентін құру мақсатында «2023 жылғы SMM және мобилографияның басты трендтері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Іс-шараға Департаменттің және аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері қатысты.

Семинар - тренингті Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Гүлмира Камильевна Сабралимова ашып, Мемлекеттік кірістер органдарының бедел - бейнесін қалыптастыруда SMM саласы бойынша білімді тереңдету мен мобилографияның өзектілігі туралы атап өтті.

Мемлекеттік кірістер органдарының қазіргі заман талабына сай  баспасөз қызметі өкілдерінің міндеті әлеуметтік желілер арқылы облыс халқының салық саласы бойынша сауаттылығын, МКО-мен көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын, жергілікті және республикалық салық түсімдерінің толықтығын арттыруға бағытталған салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберіндегі өзекті ақпаратты сапалы және жедел ұсыну болып табылады.

Сабақты Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы, ШҚО бойынша МКД ақпаратына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін ішкі мониторинг пен үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті тұлға – Назерке Серікбек өткізді.

Семинар аясында спикер мобилография негіздерімен, ақпаратты ілгерілетуді автоматтандыруға мүмкіндік беретін құралдармен және салық төлеушілер үшін сапалы және қолжетімді визуалды контент өндірудің маңыздылығымен таныстырды.

Іс-тәжірибелік жұмыстар жүргізу барысында қатысушылар шолу бейнероликтерін жасауды, соның ішінде дұрыс  түсірілім жасауды, ракурстарды таңдауды және бейнероликті өңдеу құралдарын пайдалануға үйренді.