Жарияланған күні: 28.12.2022 11:49
Өзгертілген күні: 28.12.2022 11:50

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің назарына жеткізеді.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы»  2021 жылғы 24 маусымдағы № 53-VII Қазақстан Республикасының Заңымен, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану және оны қолдану кезінде салықтарды есептеу тәртібіне түзетулер енгізіледі.

Бөлшек салықтың АСР алынған табыстың 6% мөлшерінде мөлшерлемені қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоғамдық тамақтану саласы үшін ғана тағы 2 жылға (2023 жылдан 2025 жылға дейін) ұзартылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17.11.2022 жылғы № 912 қаулысымен "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерінің тізбесін айқындау туралы" ҚР Үкіметінің 02.02.2021 жылғы № 30 қаулысына өзгерістер енгізілді, онда бөлшек салықты АСР қолдану мақсаттары үшін қоғамдық тамақтану саласындағы қызмет түрлері айқындалды.

Осыған байланысты, бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын және қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілер 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де тиісті салық салу режиміне көшуі қажет.