
ШҚО бойынша МКД ТРБ қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету,
- тауарларды жіктеудің дұрыстығын бақылау, тауарлардың кедендік құнын бақылау, ШҚО бойынша МКД ақшаны уақытша орналастыру шотын жүргізу және бақылау,
- республикалық бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі жөніндегі жоспардың және "Кедендік әкімшілендіруді жақсарту" бағыты бойынша қосымша қорлар жөніндегі жоспардың орындалуын бақылау,
- "105102 бойынша, ҚР аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС түсімдерінің өсу қарқыны" 7.1 көрсеткіші бойынша ШҚО бойынша МКД қызметінің тиімділігін рейтингтік бағалаудың автоматтандырылған есебінің орындалуын бақылау.
"Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешімдер қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде 2022 жылы тауарларды жіктеу туралы 40 алдын ала шешім және жиналмаған/бөлшектелген түрдегі тауарларды жіктеу туралы 1 шешім шығарылды. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін алым сомасы 1,3 млн. теңгені құрады.
Тауарларды жіктеудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру кезінде 2022 жылы тауарларды жіктеу туралы 427 шешім қабылданды. ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын өзгерту нәтижесінде кедендік баждар, салықтар 91,7 млн. теңге, оның ішінде бюджетке кедендік баждар, салықтар 50,2 млн. теңге сомасында өндірілді.
"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2022 жылы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етудің 862 нысаны ресімделді.
Тәуекелдің іске қосылған құн бейіндері №№ 51400/250918/00122, 51400/300120/00236, 50100/011020/00254, 50100/011020/00255, 50100/011020/00256 бойынша импортталатын тауарлар мен көлік құралдарының кедендік құнын бақылау нәтижелері бойынша, сондай-ақ, 2022 жылы әкелінетін тауарлармен ("жасыл дәліз") мәміле бағасы бойынша шығарылған тауарларға кеден бекеттерінің және ТРБ мамандары қосымша тауарлардың кедендік құнына 228 түзету жүргізді, 1 050 млн. теңге сомасына кедендік баждар мен салықтар есептелді.
Департамент ақшасын уақытша орналастыру шотын жүргізу және бақылау нәтижелері бойынша 2022 жылы СЭҚҚ ағымдағы банктік шоттарына олардың өтініштеріне сәйкес 413 млн. теңге сомасында қайтарулар, ҚР ҚМ МКК ЭДО нұсқауларына сәйкес даусыз тәртіппен 123 млн. теңге сомасында кедендік баждарды, бюджеттік сыныптама кодтарына кедендік баждарды, салықтарды аудару, 9 млн. теңге сомасына аванстық төлемдер ретінде СЭҚҚ өтініштеріне сәйкес бюджеттік сыныптама кодтарына кедендік баждарды, салықтарды аудару, 2 млн. теңге сомасына талап қою мерзімі бойынша республикалық бюджетке аудару жүргізілді.
Кедендік төлемдер мен салықтардың түсімі бойынша ҚР ҚМ МКК мәліметтеріне сәйкес 2022 жылы ШҚО бойынша МКД кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі бойынша жоспар 112,2% - ға орындалды (жоспар 49 831 млн.теңге болған кезде, дерек 55 897 млн. теңге, асыра орындау 6 066 млн. теңгені құрады). 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы кедендік төлемдер мен салықтар түсімдерінің өсу қарқыны (бұдан әрі - өсу қарқыны) - 135,6%.
ҚР ҚМ МКК белгілеген 2022 жылға арналған кедендік әкімшілендіру шеңберінде қосымша қорлар жөніндегі жоспар 3 509 млн. теңгені құрайды, орындалуы 100 % құрап отыр. 2022 жылы ШҚО бойынша МКД 3 509 млн.теңге сомасына кедендік төлемдер мен салықтар бойынша қосымша қорлар өндірілді. Өсу қарқыны 220 % құрап отыр.
"Кедендік құнды, жеңілдіктерді (ШЕ, СЕА), қорғау шараларын және т.б. әкімшілендіру" бағыты бойынша 1 362 млн. теңге сомасына кедендік төлемдер мен салықтар бойынша қосымша қорлар өндірілді, өсу қарқыны – 256%.
"Тауарлардың жіктелуі және шығу тегі" бағыты бойынша кедендік төлемдер мен салықтар бойынша 92 млн.теңге сомаға қосымша қорлар өндірілді, өсу қарқыны - 236%.
Тарифтік реттеу басқармасы мемлекеттік қызметтерді толық көлемде және заңнамада белгіленген мерзімде көрсетеді. Тауарлардың жіктелуі мен кедендік құнының дұрыстығын бақылауды ТРБ және кеден бекеттерінің мамандары және тауарлар шығарылғанға дейін де, шығарылғаннан кейін де кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады. ШҚО бойынша МКД ақшаны уақытша орналастыру шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы жөнінде СЭҚҚ өтініштерін қарау мерзімдері бұзылған жоқ.