Жарияланған күні: 29.07.2022 15:36
Өзгертілген күні: 29.07.2022 15:37

"Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тауарларды сыныптау туралы 21 алдын ала шешім шығарылды. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін алым сомасы 704 мың теңгені құрады;

 Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру кезінде тауарларды сыныптау туралы 256 шешім қабылданды. ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының өзгеруі нәтижесінде кедендік баждар, салықтар 3,7 млн. теңгеге қоса есептелді, оның ішінде бюджетке кедендік баждар, салықтар 22,3 млн.теңге сомасында өндіріп алынды.

"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі  міндеттерді орындауды тіркеу, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің 421 нысаны тіркелді.

Департаменттің ақшаны уақытша орналастыру шотын жүргізу және бақылау нәтижелері бойынша олардың өтініштеріне сәйкес 223,2 млн. теңге сомасына СЭҚҚ ағымдағы банктік шоттарына қайтару, ҚР ҚМ МКК ЭДО нұсқауларына сәйкес даусыз тәртіппен бюджеттік сыныптама кодтарына кедендік баждарды, салықтарды аудару, СЭҚҚ өтініштеріне сәйкес 9,8 млн.теңге сомасына аванстық төлемдер ретінде бюджеттік сыныптама кодына кедендік баждарды, салықтарды аудару, 2 млн. теңге сомасына талап қою мерзімі бойынша республикалық бюджетке аудару жүргізілді.

Іске қосылған құндық тәуекел бейіндері бойынша импортталатын тауарлар мен көлік құралдарының кедендік құнын бақылау нәтижелері бойынша №№ 51400/250918/00122, 51400/300120/00236, 50100/011020/00254, 50100/011020/00255, 50100/011020/00256, сондай-ақ ШҚО бойынша МКД кеден бекеттері мен тарифтік реттеу басқармасының мамандары әкелінетін тауарлармен мәміле бағасы бойынша шығарылған тауарларға ("жасыл дәліз") тауарлардың кедендік құнына 48 түзету жасады, 182 млн. теңге сомасына қосымша кедендік баждар мен салықтар есептелді.

Тарифтік реттеу басқармасы мемлекеттік қызметтерді толық көлемде және заңнамада белгіленген мерзімде көрсетеді. ШҚО бойынша МКД ақшаны уақытша орналастыру шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы бойынша СЭҚҚ өтініштерін қарау мерзімдері бұзылған жоқ. Тауарлардың кедендік құнын бақылауды тауарларды шығарғанға дейін де, шығарғаннан кейін де кедендік бақылауды жүргізу шеңберінде кеден бекеттері мен ТРБ мамандары жүзеге асырады.