
2019 жылғы 25 қыркүйекте Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен Семей қ. әкімшілік аумағына қатысты Қайнар ауылында тұрған автожанармай құю станциясында жекелген сұрақтар бойынша өткізілген тақырыптық тексеру барысында, мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарынсыз 425000 теңге сомасында 2500 литр мөлшерінде АИ-92 маркілі бензинді өткізу мақсатында сақталған дерек анықталды. Ілеспе жүкқұжаттарынсыз мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы дерегі бойынша аталған ЖҚС-да қызметін жүзеге асырған жеке кәсікерге қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 281-бабы 5-бөлімі 2) тармағына сәйкес әкімшілік материал құрастырылатын болады.