
2024 жылғы 30 Шілдеде "МИКС" 107,9 FM радиостанциясының алаңында ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары – Қабыш Сайранқан Қабышұлы "жалпыға бірдей декларациялау, аралық қорытындылар"тақырыбында сұхбат берді.
Спикер "Сұрақ - жауап" форматындағы тікелей эфир барысында радио тыңдаушыларынан келіп түскен барлық сұрақтарға жауап берді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі басталды, оның шеңберінде 250.00 нысанындағы «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.
2024 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша декларацияны 76,6 мың жеке тұлға тапсыруға міндеттелген.
Бүгінгі күні декларацияны 35,4 мың адам немесе декларанттардың жалпы санының 46% тапсырды.
Ағымдағы жылы жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңіне қатысушыларда 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттемелер бар.
Декларацияларды «Салық төлеушінің кабинеті», «ҚР электрондық үкіметі» веб-порталдары, «e-SalyqAzamat», «Halyk», «Bank CenterCredit», Kaspi.kz мобилді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.
Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз жеткізгіште почта арқылы не тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы келу тәртібімен ұсынуға құқылы.
01.01.2024 ж. бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес декларацияны электронды түрде де, қағаз жеткізгіште де беру үшін бірыңғай мерзім белгіленді– 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.
Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын ала табыстауды ұсынамыз.
Декларация тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша ұсынылады.