Жарияланған күні: 10.04.2023 10:04
Өзгертілген күні: 10.04.2023 10:07

 2023 жылғы 04 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттеріне кеден және салық заңнамасы бойынша оқу курстарын аяқтағаны туралы сертификаттарды табыстау салтанатты рәсімі өтті.

2022 оқу жылының басынан бастап ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы басқармасының қызметкерлері жасалған Меморандумдар шеңберінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің университетінің «Кеден ісі», «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтарының 3-4 курс студенттеріне дәрістер өткізді.

Оқу барысында студенттер Департаментке келіп, ШҚО бойынша МКД-нің қызметімен танысып, жаңа білім алды.

Оқу аяқталғаннан кейін студенттерге «Салық және кеден заңнамасының теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша ШҚО бойынша МКД-нің оқу курсынан өткені туралы сертификаттар табыс етілді.

 Меморандумдар жасалған сәттен, яғни 2020 жылдан бастап С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақстан-Американдық еркін университеті сияқты жоғары оқу орындарының 103 студенті Департамент қызметкерлерімен оқыту курсынан өткенін атап өту маңызды. Сонымен қатар, оқу бағдарламасы жыл сайын өзгертіліп отырады және жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының тілектерін ескере отырып жасалады.

Көп ұзамай оқу курстары қайталанады және басқа да жоғары оқу орындарының студенттері өздерінің білім деңгейлерін арттыра алады.