Жарияланған күні: 13.10.2016 10:29
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

07.10.2016 жылы Қазақстан Өскемен телеарнасының Апта ақпарат бағдарламасында Шығыс Қазақстан обласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Б.К. Айнабеков шығып сөз сөйледі. 

Ол телекөрермендер алдында, республикалық іс-шара  «Түбіртекті талап ет- жүлдені ұтып ал» атты акциясының басталғаны туралы хабарлады. Аталмыш акция  «WIPON» мобилдік қосымша арқылы жүзеге асатынын бұқаралық ақпараттар құралдарына жеткізді. Бұл мобильді қосымша қазақстандық өнім болып табылады.   

«Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал» акциясына өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.

Іс-шара ағымдағы жылғы 1 қазан мен 15 желтоқсан аралығында өткізіледі. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді. Гранд финал ағымдағы жылдың соңында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Ол жерде бағалы сыйлықтар, соның ішінде бас жүлде-автокөлік ұтысы ойналады.