Дата публикации: 14.02.2024 16:05
Дата изменения: 14.02.2024 16:05

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына 2024 жылғы 15 ақпанда 2023 жылғы IV тоқсандағы қолданыстағы режимдерге сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімі 200.00, 300.00 және 2023 жылғы II жартыжылдықтағы 910.00 аяқталатынын жеткізеді.

"СЕӨЖ АЖ" ақпараттық жүйелеріне және "Салық төлеушінің кабинеті" Web-қосымшасына жүктемені болдырмау үшін салық есептілігін алдын ала тапсыруды ұсынамыз, бұл табыс ету мерзіміне дейінгі соңғы күндері салық декларацияларын тапсыру үдерісін едәуір қиындатады.