Дата публикации: 06.04.2023 17:30
Дата изменения: 06.04.2023 17:31

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 наурыздағы №213-VII Заңымен «e-Salyq Business» арнаулы мобильді қосымшасы пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану бөлігінде салық заңнамасына өзгерістер көзделген.

Салық кодексінің 686-2-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына енгізілген толықтыруларға сәйкес, арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану кезіндегі қызмет түрлерінің тізбесі «пошта жөнелтілімдерін жеткізу жөніндегі қызметтерді қоспағанда, курьерлік жеткізу» қызмет түрімен толықтырылды.

Жаңашылдық 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі (заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң).