Date of publication: 17.07.2019 09:11
Date of changing: 22.11.2019 10:38

 

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» атты тақырыпта Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жиналыс

 

       2019 жылдың 15 шілде айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігің Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Ж. Ташмагамбетов және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ведомстволық бақылау басқармасының басшысы А.К. Солумбаевпен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі – Департамент) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (бұдан әрі-Әдеп кодексі) мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» атты тақырыпта жиналыс өткізілді.

Жиналысты Департамент басшысының м.а. Е.К.Жолдасбаев ашып, жиналғандарды қошеметтеп, жиналыстың қатысушыларын таныстырып, күн тәртібін жеткізіе отырып осы жұргізіліп жатқан шара Әдеп кодексінің нормаларын және  сыбайлас-жемқорлықты болдырмаудың алдын алу мақсатында жұргізіліп жатқанын айтып өтті.

Бұдан әрі сөз Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігің Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Ж. Ташмагамбетовқа берілді.

Өз баяндамасында ол Әдеп кодексімен мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлқына, өз функционалды міндеттерін дұрыс, анық, уақытылы орындауына жоғары талап ғана қоймай, сонымен қатар, мемлекетік қызметкерлердің сырт келбетіне де жоғары талап бар екенін айтып, және де  мемлекеттік қызметкерлер арасында тұлға аралық қатынастарды, басшы мен бағыныстағы қатынастарды реттейтінін көрсетті. 

      Әдеп кодексінің талаптардың бірі:

      - өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға;

      - өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс екенін айтып өтті.

        Келесі сөз кезегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ведомстволық бақылау басқармасының басшысы А.К. Солумбаевқа берілді.

Өз баяндамасында А.К. Солумбаев жасалған сыбайлас-жемқорлық фактілер туралы статикалық мәліметтер көрсетті. Жиналыс барысында елдің басқа аймақтарда мемлекеттік кірістер органдардың лауазымды қызметкерлерді ұстау фактілері туралы баяндады. Сонымен қатар ҚР Қаржы министірлігінің алдыңғы мақсаттарының бірі ол жемқорлықтың алдын алу болып табылады айтып өтті. Бірақ, жасалып жаттқан жемқорлықтың алдын алу жұмыстарына қарамастан жемқорлықтың деңгейі түсуде емес екендігін хабарлады.

Құрметті әріптестер біздің қызметімізде жемқорлықтың көптеген тәуекелдері   болуда, осы мәселелердің алдын алу тек қана сізбен біздің қолымызда,сол себептен сіздердің көңілдеріңізді жемқорлықтың алдын алуда белсенді  блуды және жемқорлықтың пайда болу мәселерін жоюды сұраймын.

Жиналыстың қорытындысы бойынша Департамент басшысының м.а Е.К. Жолдасбаев барлық мемлекеттік қызметкерлерден Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»                                                                                                                                                                                            

Қазақстан Республикасының Заңын, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Қазақстан Республикасының Кодексін, және басқа да күнделікті жұмыста қолданатын нормативтік-құқық актілерін сақтауын талап етті.

Қатысқандарға алғысын айтып, жұмыста сәттілік тіледі.   

                

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы

бойынша Мемлекеттік кірістер

департаментінің қызметтік тергеу

бөлімі