Date of publication: 29.05.2019 15:31
Date of changing: 24.10.2019 12:44

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде селектрлік жиналыс

 

      2019 жылдың 28 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі-ШҚО бойынша МКД) құрылымдық бөлімшілерімен және аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта селектрлік жиналыс өткізілді. Жиналыс кезінде ШҚО бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкіл-Адам ресурстар басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Ж.К. Шамшина баяндама жасады.

      ШҚО бойынша МКД басшысының міндетін атқарушы Е.К. Жолдасбаев жиналысты ашып, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын талаптарын сақтауын талап етті. Келесі сөз кезегі ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкіл-Адам ресурстар басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Ж.К. Шамшинанаға берілді

      Өз баяндамасында ол 2019 жылдың ағымдағы кезенінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды қызметкерлерін ұстау туралы фактілерді айқындап, осы есептерде салық және кеден қызметкерлері бар екенін мәлім етті.

      Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлер арасында сыбайлас жемқорлықты алдын алу туралы ШҚО бойынша МКД–да жүргізілген жұмыс туралы айтып берді.

Әдеп жөніндегі уәкіл ШҚО бойынша МКД барлық мемлекеттік қызметкерлерден Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Қазақстан Республикасының кодексін, және басқа да күнделікті жұмыста қолданатын нормативтік-құқық актілерін сақтауын талап етті.

  

Шығыс Қазақстан облысы

бойынша Мемлекеттік кірістер

департаментінің қызметтік тергеу

бөлімі