Date of publication: 06.02.2023 18:40
Date of changing: 06.02.2023 18:41

Майнингті жүзеге асыратын тұлғалар 2022 жылға Майнинг төлемі бойынша декларация (бұдан әрі - СЕН) 880.00  салықтық есептілік нысанын 2023 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей ұсыну қажет.  Ал 2023 жылы одан әрі ұсыну тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады. Декларация салық төлеушінің орналасқан жері (тіркелген жері) бойынша салық органына табыс етіледі. (Салық кодексінің 606-4 бабы). Төлемақы төлеушілер бюджетке төлемақының ағымдағы сомаларын тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей төлейді (Салық кодексінің 606-5 бабы). Майнинг үшін төлемақы төлеу Республикалық бюджетке Бюджеттік біліктілік кодына  105 317 жүргізіледі.

Төлемақы мөлшерлемесі тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағатына (бұдан әрі - кВт/сағ электр энергиясына) байланысты (Салық кодексінің 606-3 бабы). 1-квт/сағ бағасы деп тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасында жасалған шартта және (немесе) қосылған құн салығын (ҚҚС) қоса алғанда, коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым жазып берген төлем құжатында көрсетілген электр энергиясының құны түсініледі.

Мысалы, егер 1 кВт/сағ электр энергиясының бағасы 17 теңге болса, онда төлем сомасы 1 кВт/сағ электр энергиясы үшін 9 теңгені құрайтын болады. Егер 1 кВт/сағ электр энергиясының бағасы 17,1 немесе 17,9 теңге болса, онда төлем сомасы 1 кВт/сағ үшін 8 теңгені құрайтын болады.

Өз электр энергиясын пайдаланған жағдайда, майнинг мақсатында төлем 1 кВт/сағ үшін төлемақының мөлшерлемесі 10 теңгемен есептеледі.

Қалпына келтірілетін электр энергиясы көздерінен (бұдан әрі - ЖЭК) өндірілген электр энергиясын иеленудің өзге нысандары негізінде электр станцияларының меншік құқығынан басқа (жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару) пайдаланған кезде 1 кВт/сағ үшін төлемақы 1 теңге мөлшерлемесі есептеледі.

Электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған және (немесе) олар ақаулы жағдайда болған жағдайда, онда төлемақының мөлшерлемесі тұтынылған электрэнергиясының 1 кВт/сағ үшін 25 теңге  бойынша есептелетін болады.